«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Биылғы Жолдау Қазақстанның әлемдік деңгейде жаңа биікке көтерілгенін көрсетеді – Е.Қарин

Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның жаһандық дағдарысты еңсеру жолын ұсынып қоймай, елдің жаңа биікке көтерілгенін көрсетеді, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Нұрлы Жол: Қазақстанның жаңа стратегиялық келешегі» атты дөңгелек үстелде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Қарин.
Нұр-Сұлтан 24 Қараша, 17:55

 «Жаңа Жолдау елдің 2050 жылға қарай ең дамыған 30 елдің қатарына жетелеуге ғана емес, сонымен қатар жаһандық дағдарыс қарсаңында жаңаша дамуға бастау болмақ. Елбасы күн тәртібіне шыққан басты қатерлерді анықтап, мемлекеттің алдына соны еңсеру үшін нақты міндеттемелер қойды. Елдер арасындағы геосаяси жағдайлар күрделеніп,әлемдік деңгейдегі әскери шығындар 1 трлн долларға жетті. Санкциялық соғыстар қарқын алуда. Осының барі жаһандық экономиканың әлсіреуіне алып келуде. Нәтижесінде, көптеген еуропалық елдерде жұмыссыздық деңгейі рекордтық деңгейге жетті. Мұнай бағасы төмендеуі де кері әсерін тигізбей қоймады. Осы орайда Елбасы дағдарыстан дамуға бастайтын «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады», - дейді Қарин.

 Оның айтуынша, Елбасының биылғы Жолдау Қазақстанның жаһандық дағдарысты еңсеру жолын ұсынып қоймай, елдің жаңа биікке көтерілгенін көрсетеді.

 «Қазақстан әлемдік саясат пен экономиканың маңызды бөлігіне айналды. Биылғы жолдау жаһандық дағдарысқа қатысты дер кезінде берілген шара мен бастау болды. Жаңа Жолдауда мемлекет пен қоғамның байланысына басымдылық аударылған. Ұлттық экономиканы жаңғырту бұл Жолдаудың негізгі мазмұны», - дейді институт директоры.

Бауыржан Мұқанов 





Яндекс.Метрика