«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Грекиядағы қазақстандық студенттер «Нұрлы жолды» талқылады

Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінде Афинада білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу болып өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Әлемде24 Қараша , 18:48

«Жас отандастар Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» Жолдауының басты бағыттарымен танысып өтті», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, кездесудегі қатысушылар елдегі құрылымдық реформалар, жас ұрпақты жұмыспен қолдау іс-шаралары, заманауи біліммен қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселелерін шешу және іскерлік белсенділікті дамыту жайында хабардар етілді.

Студенттер жастардың қамын ойлау туралы Президенттің идеясын мақұлдап, Қазақстанның әлемдік геосаясаттың өзгеруі мен жаһандық дағдарыстың жалғасу жағдайына қарамастан дамыған отыз елдің қатарына қосылуын қолдады.

Отандастардың пікірінше, аталған құжат Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму Стратегиясына сәйкес мемлекеттің жақын келешектегі дамуына арналған нақты бағдарлама болып табылады. 

 

 

 




Яндекс.Метрика