Өңірлер

Биыл Қарағанды облысында 143 жас дәрігер жұмысқа кірісті

Биыл Қарағанды облысында 143 жас маман жұмысқа кірісті, соның ішінде 23-і ауылдық жерге аттанды. Нәтижесінде дәрігер мамандар тапшылығы азайды, деп хабарлайды әкімдік.
Қарағанды24 Қараша , 19:18

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысын Ержан Нұрлыбаевтың айутынша, мамандарды денсаулық сақтау орындарына тарту мен оларды ұстап тұру үшін аталмыш мекемелер өз қаражаттары есебінен көтерме ақы төлеп, тапшы мамандардың пәтер ақыларын төлейді. Балқаш қаласының орталық ауруханасы мен емханасы, мысалға, медицина университетінің 7 курс студенттерінің оқу ақысын төлеуде.

Қарағанды облысы үшін Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 6 студент мақсатты грант бойынша оқып жатыр. Соның ішінде үшеуін ғана жергілікті атқарушы органдар төлеп отыр. Сонымен қатар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 24 адам оқып жатыр. Осы өңірлердің әкімдіктері бірнеше жылдар бойы осынау үрдісті сақтап келе жатыр. Өңір басшысының айтуынша, денсаулық сақтау саласы алдына қойылған міндеттемелердің бірі мамандар әлеуетін арттыру. Ауруханалар қанша салынғанымен, құрылғылар қаптап әкелінгенімен, барлығы мамандардың біліктілігіне байланысты», - дейді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Облыс әкімі мемлекеттік актив және сатып алу басқармасына экономика және қаржы басқармасымен бірлесіп облыстық балалар клиникалық ауруханасы ғимаратында медицина қызметкерлеріне арналған жалдамалы үйлер салу жобасын қарап, жас мамандар үшін жалдамалы үй бойынша Балқаш қаласында 14 пәтерді беру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.




Яндекс.Метрика