Халықаралық интеграция

Бангкокта Қазақстан-Таиланд ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Бангкок қаласында Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марат Есенбаевтың Бангкок губернаторы Сукхумбанд Парибатрамен кездесуі өтті. Кездесу барысында қазақстан-тайлық ынтымақтастықтың ұлттық және аймақтық деңгейдегі даму мәселелері талқыланды.
Әлемде24 Қараша , 19:03

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, қазақстандық дипломат Таиланд астанасының басшысын Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, сауда, инвестиция мен туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастық және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі туралы хабардар етіп, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларына аса көңіл бөлді.

«Қазақтан Республикасы соңғы жылдар ішінде үлкен прогреске ие болды. Қазақстанның жетістіктері өте әсерлі. Бірге жұмыс істеп, тәжірибе алмаса алатын көптеген бағыттар бар», - деп атап өтті Бангкок губернаторы С. Парибатра.

Бангкок губернаторы С.Парибатра Қазақстан мен оның жас елордасы Астана тәуелсіздіктің азғантай мерзімі ішіндегі қарқынды және сенімді дамуын атап өтті. Кездесу барысында губернатор жақынырақ танысу мақсатында Астанаға сапар шегуге қызығушылық танытып, Елшінің елордаларға туыстас қалалар мәртебесін беру туралы ұсынысын ықыласпен қабыл алды.

«Бангкок пен Астана 2004 жылы екіжақты қатынас орнату туралы келісімге қол қойды. 10 жыл өтті, келесі қадам жасауымыз қажет. Елордаларымыздың бауырласуы маңыздылығын ескере отыра, мен экономика, муниципалдық әкімшілік, қала құрылысы, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты қарқындандыруға жағдай жасайтын өзара сапарлар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға дайынмын» - деп Бангкок губернаторы С.Парибатра атап өтті.

Сонымен қатар, Бангкок губернаторы Қазақстанды «Азия-Еуропа» форумына кіруімен құттықтап, аталған көрнекті халықаралық ұйым шеңберінде Қазақстанмен тығыз қызмет етуді көздеп отыр. Аталған мәнмәтінде С.Парибатра Қазақстан Елшісіне Астана қаласының әкімі А.Жақсыбековтың атына 2015 жылғы наурызда Бангкокта өтетін «Азия-Еуропа» форумына мүше елдерінің губернаторлар мен мэрлерінің 3-ші отырысына шақыру хатын тапсырды.




Яндекс.Метрика