Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Ақтөбе облысына Елбасының «Стратегия «Қазақстан -2050» Жолдауы бойынша ақпараттық-насихаттау тобы келді

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін насихаттау мен түсіндіру жөніндегі Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтің төрағалығымен ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жасауда, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе26 Қыркүйек , 12:30

Аслан Сарінжіпов  бастаған топ құрамында: Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры, Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, Құдайбергенов Ескендір Көпбосынұлы - Президенттің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі жетекшісінің орынбасары, Қалдыбатыр Нұржан  Сәрсембайұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры қатысады.

Сонымен қатар,  Нокин Серік Кеңесұлы, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі, Бимұратов  Берік Шадымұратұлы - ҚР МГМ Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті төрағасының орынбасары, Сүлейменов  Жанат Қуанышұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің төрағасы, Ысқақов  Мақсат Нұрлыбекұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы, Сыздықова Алма Әлібекқызы- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры,  Хасенов Еркебұлан Ермекбайұлы- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Кадр және әкімшілік жұмыс департаментінің директоры жиынға шақырылды.

Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Ақтөбе қаласы және облыс аудандары тұрғындары арасында насихат жұмыстарын жүргізеді.

 

 

 




Яндекс.Метрика