Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

2013 жылы Павлодар облысында Индустриализация картасы бойынша 80-нен артық жоба жүзеге асырылады

Павлодар облысында ағымдағы жылы Индустриализация картасы бойынша 80-нен артық жоба жүзеге асырылады, деп облыстың ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар26 Қыркүйек , 12:23

 «Индустриализация картасы бойынша облыста 744,5 млрд теңге инвестициясымен 10332 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 82 жоба жүзеге асырылады», - деп хабарламада жазылған.

Айта кетейік, Индустриализация картасы бойынша 404,3 млрд теңгені  құрайтын 2000 жұмыс орнын ұсынатын  4 жоба енді.

Сонымен қатар, Индустриализация картасы бойынша 340,2 млрд теңгені құрайтын,8332 жұмыс орнын ұсынатын 78 жоба бар.

Эксплуатацияға 38 млрд теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба 97 жұмыс орнын ұсынады.

Атап өтілгендей, жыл соңына дейін Индустриализация картасы бойынша тағы 6 жобаны кіріктіру жоспарлануда. Жобалардың ену үрдісі кесте бойынша жүзеге асуда.

Бағдарламаның  жүзеге асуынан бастап 223, 7 млрд теңгені құрайтын 51 жоба қолданысқа енді. Ол 3924 орнын ашты. Аталғандардың ішінен 43 жоба толық қуатқа енсе, 60 пайыздан жоғары жоспарланған 2 жоба жүзеге асты.

 




Яндекс.Метрика