Адами капитал

Астанада Аула клубтарының фестивалі өтті (Фото)

Астанада осы демалыста Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ спорт залында астаналық жастар саясаты басқармасы ұйымдастырған Аула клубтарының фестивалі өтті.
Нұр-Сұлтан 24 Қараша, 19:47

Спорт залының ішінде көңіл көтеру паркі – спорт эстафеталары, шығамашылық байқаулар мен аула клубтары тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткен мерекелік шаралар өтті. «2,5 сағат ішінде қатысушылар  «Тоғызқұмалақ», «Арқан тартыс», «Асық ату», «Қазақша күрес»,  «Күміс алу» бойынша сынға түсті», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Аула клубының ең белсенді қатысушылары ұйымдастырушылардың  кубогі  пен бағалы сыйлықтарына ие болады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, Аула клубының фестивалі жыл сайынғы дәстүрлі шараға айналмақ.

Бүгінгі таңда жастар саясаты басқармасы жанында 9 аула кубы жұмыс істейді. Олардың бағыттары сан-қилы. Клубқа 3000 жасөспірім барады.

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика