«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ш.Уәлиханов атындағы ҚМУ-де ҚР Президентінің қоғамды жаңғытудағы рөлі талқыланды

Ш.Уәлиханов атындағы ҚМУ-де ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қоғамды әлеуметтік жаңғытудағы рөлі талқыланды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы.
Ақмола24 Қараша , 18:02

«Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы ҚМУ бас корпусының мәжіліс залында «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қоғамды жаңғытудағы рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Оқу орны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай шаралар ұйымдастырды», - делінген хабарламада.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен оның аяққа тұруындағы Тұңғыш Президенттің рөлін түсіндіру. Сонымен қатар, Елбасының тарихи істері мен жеткен жетістіктерімен бөлісу.

ҚМУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров аталмыш шараның маңыздылығын ерекше атап көрсетті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел қатысушыларына «Назарбаев феноменті» фильмі көрсетілді.  




Яндекс.Метрика