Мәдениетті жаңғырту

Душанбеде «Қазақ жерінің перзенті» атты кітаптың тұсаукесері өтті – СІМ

Душанбе қаласында Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрлігінде тәжік тілінде жарық көрген Асанәлі Әшімовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ жерінің перзенті» атты кітаптың тұсаукесері өткізілді, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
Әлемде24 Қараша , 19:32

«Душанбе қаласында Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрлігінде тәжік тілінде жарық көрген Тәжікстан суретшілер академиясының академигі, әдебиет саласындағы философия бойынша құрметті доктор, белгілі жазушы, аудармашы Абдуғаффор Абдужабборовтың аты аңызға айналған театр және кино актері, КСРО мен Қазақстан халық артисі, КСРО және Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының жүлдегері Асанәлі Әшімовтың өмірі мен творчествосына арналған «Қазақ жерінің перзенті» атты кітаптың тұсаукесері өткізілді»,  -делінген хабарламада.

Шараға А.Әшімов, Тәжікстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ТР Ғылым академиясы, жазушылар және кинематографистер одақтары, бұқаралық ақпарат құралдары, «Тәжікстан-Қазақстан» достық қоғамы, «Байтерек» қазақ мәдени орталығы өкілдері және Тәжікстанның өнер саласындағы сарапшылық тобы қатысты.

Тұсаукесерде ТР Мәдениет министрі Шамсиддин Омурбекзода, Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ағыбай Смағұлов, Тәжікстан халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Саттор Турсун сөз сөйледі.

Олар екі мемлекет арасындағы халықтар достығының нығаюына осы сынды мәдени байланыстардың орны ерекше екенін атап өтті.

 




Яндекс.Метрика