Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Беларусь елінде ҰҚКҰ мүше мемлекеттерінің жедел әрекет ету ұжымдық күшінің оқу-жаттығуының соңғы кезеңі аяқталды

Беларусь Республикасы қарулы Күштерінің Осипович полигонында «Біріккен іс-қимыл 2013» атты ҰҚКҰ мүше мемлекеттерінің жедел әрекет ету біріккен Ұжымдық оқу-жаттығудың соңғы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 26 Қыркүйек, 11:49

ҰҚКҰ мүше мемлекеттердің біріне шартты  түрде енген заңсыз қарулы топты  залалсыздандыру операциясы өте мұқият жоспарланып, орындалуы біріккен оқу-жаттығудың  қорытындысы болды.

ҰҚКҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, Беларусьтің Қорғаныс министрі  Юрий Жадобин  және басқа да ресми тұлғалар бөлімшелердің жұмысын қадағалады. Қазақстан жағын Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-мойор Руслан  Алимов пен Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскері бас қолбасшысы генерал-лейтенант  Мұрат Майкеев бастап барды.

Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Казақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан Қарулы кұштерінің жедел  бөлімдері қатысты. Шараға қатысушылардың жалпы саны 600-ден астам. Қазақстандық  бөлім жергілікті Белорусь  әскерінен кейін ең көп ұжымдардың бірі болды. Атап айтар  болсақ, елімізден осы шараға 130 әскер аттанған.

Жалпы қазақстандық бөлімнің басшылығы мен ҰҚКҰ Жедел әрекет ету ұжымдық күшінің штабы шабуылдай-десанттық бригада офицерлеріне бұйрық беруші Аэромобильді  әскердің Бас қолбасшысы полковник Талгат Исмаилов болды.

ҰҚКҰ Жедел әрекетету ұжымдық күші шешімімен арнайы операцияларды орындау барысында Қазақстанның Аэромобильді  әскер қатарындағы жаунгерлері  Армения, Белорусь және Ресеймен бірігіп шабуылдау,қарсы соғысу мен жауынгерлерді тұтқынға алу секілді жаттығу шараларын өткізді.

«Біріккен іс-қимыл 2013» жаттығуы әр бөлімнің ұйымдасқан және бірігіп жұмыс істей отырып ҰҚКҰ Жедел әрекет  ету ұжымдық күші шеберлігінің шыңдалғанын байқатты»,- деді Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабыбастығының орынбасары генерал-мойор Руслан Алимов.

Сонымен қатар, қазақстандық жауынгерлер өздеріне берілген тапсырманы ҰҚКҰ Жедел әрекетету ұжымдық күші үміт артар ұжым ретінде абыроймен атқара білді.

Шара соңында ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізген әскерилер Беларусь Қорғаныс министрлігі мен Ұжым басшылығы тарапынан марапатталды. Соның ішінде келісім шарт бойынша қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Қарулы күштерінің  өкілдері де бар.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика