Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

2013 жылы Жаңаөзенде 2 білім беру мекемесінің құрылысы аяқталды

Қазақстанда моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысында (Жаңаөзен қаласы) 2 білім беру мекемесінің құрылысы аяқталды, деп облыстың ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау26 Қыркүйек , 11:49

 «2013 жылы Жаңаөзен қаласында «Жұлдыз» шағын ауданында 320 орындық балабақша мен «Бостандық» шағын ауданында 624 орындық орта мектеп ашылды», - деп хабарламада нақтыланған.

Бүгінгі таңда бағдарлама бойынша инженерлік жүйелерді дамыту бойынша Тенге, Қызылсай, ауылдарының учаскелерінде тас жолдардың кешенді жөндеуі жалғасуда. Жаңаөзеннің Көктем шағын ауданында абаттандыру жұмыстары да жүзеге асырылуда.

2013 жыл бойынша 10 млрд теңге, ал республикалық бюджеттен 8,7 млрд теңге , жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді.

2014 жылы «Мерей» шағын ауданында 1200 орындық орта мектепті ашу, ал Теңге ауылында 900 орындық білім ордасын ашу жоспарланып отыр.

 

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында электрүнемдеу, жылуэнергоорталығы мен өндіріс өнімдерін өңдейтін мекемелерді қайта жаңғырту жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика