Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Павлодар облысында 14 фермер кредитке 100 бас ұсақ мал алды

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Жайлау» қой өсіру аймақтық бағдарламасын іске асыруға көшті. «Павлодар» ӘКК облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен Баянауыл ауданы кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар26 Қыркүйек , 10:37

Сонымен қатар, 6500 бас ұсақ мал сатып алу үшін облыстық  бюджеттен қор бөлінген. Баянауылдықтарға 1400 бас бөлінген. Әр кәсіпкер 100 бас ұсақ малға өтініш берген.

Баянауылдық несие алушылар:«Саятжан», «Нұрасыл», «Қызыр-көкдөмбақ», «Олжа», «Караүңгір», «Нұрмұхан», «Жетіағайын», «Сарышоқы», «Жібек», «Ерлік», «Аба», «Қаржас», «Нығымтай» және «Құрманов ЖК» шаруа қожалықтары.

Аталмыш несие бес жылға 0,8% коэфициентпен берілген. Жоспар бойынша төлдің жалпы саны 692 басты  құрамақ.

Осылайша, «тірі» несиені қайтарғаннан кейін әр кәсіпкердің жеке меншігінде 500 қойдан қалмақ.




Яндекс.Метрика