Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру

ЕХӘҚМ көші-қон Комитетінің төрағасы С. Аманбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барады

Бүгін 26 қыркүйек күні 2 күндік жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон Комитетінің төрағасы Саламат Аманбаев барады, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабаралады.
Ақтөбе26 Қыркүйек , 09:48

« 2013 жылдың 26-27 қыркүйегі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон Комитетінің төрағасы Саламат Аманбаев Ақтөбе облысына барады», - деп ведомство хабарламсында айтылған.  

Жұмыс сапараның мақсаты ақпараттық- айқындау жұмыстарын жүргізу, оралмандардың жұмыспен қамтылуы және оларға әлеуметтік көмек көрсету жайы қарастырылады.

С. Аманбаев жұмыс сапары аясында оралмандардың жұмыспен қамтылуы жайында отырыс өткізеді. Оған қоса ұйымдардың жетекшілерімен бірге олардың бейімделуі мен әлеуметтік қорғалуына байланысты кездесу өткізеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша олардың жұмысқа орналасуы алға тартылады.

 




Яндекс.Метрика