Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Астанада тұңғыш рет қазіргі бес сайыстан Азия чемпионаты өтеді

Қазақстанда Астана қаласында тұңғыш рет 2013 жылдың 26 қыркүйек пен 04 қазан аралығында қазіргі бессайыстан Азия чемпионаты өтеді,деп хабарламада жазылған.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 22:40

Сонымен қатар, құрлықтық біріншілік аясында келген командалар арасында Жасөспірімдер Олимпиадалық ойындарға іріктеу сындары өтеді. Бұл халықаралық сынға сегіз елдің (Қытай, Жапония, Тайвань, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Аустралия және Қазақстан) өкілдері қатысады.   

Қазіргі бессайыс немесе пентатлон  - бес спорт түрінің бір кешенде үйлесуі. Аталмыш спорт түрі семсерлесу, жүзу, конкур, жүгіру және ату сайыстары секілді бағыттас спорттардың басын біріктіреді.

Мұндай түрлі спорт сайыстарының басын біріктіруді қазіргі олимпиадалық қозғалыстың негізін қалаушы Пьер Кубертен ұсынған, ол мұндай сынақ «адамның моральдық қабілеттері мен физикалық мүмкіндіктерінің лайықты тексерісі болып табылады, және осылайша бізге идеалды, жан-жақты атлет жасап шығарады».                   

Биылғы Азия чемпионатына қазіргі бессайыстан Халықаралық кеңесінің  президенті доктор Клаус Шорман, Азиялық Конфедерацияның президенті Ли Джей-Йон мырза және Конфедерацияның Бас хатшысы, сонымен қатар шетел мен Қазақстаннан келетін өзге де құрметті қонақтар келеді деп күтілуде.

         




Яндекс.Метрика