Қызмет іске қосылардан бұрын телефон пікіртерімі жүргізіліп, қызмет көрушілердің мұқтаждықтары мен қызығушылықтары анықталды. Бүгінгі таңда бұл қызмет түріне қызығушылық танытқандардың саны 28-ге жетті. Қазір оларға қалаған әдебиеті үйіне апарып беріледі.
Бұл қызметті көрсетуге «Семей қалалық «Көмек» мүгедектер бірлестігі көп қолғабыс тигізуде.
Кітапхана мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік сауықтырылуына көп көмегін тигізетін орын. Әрбір кітапхана қызметі барша жұртқа бірдей қолжетімді болуы тиіс. Бұл жандардың арасындағы көпшілігі өмірі кітапханаға барып көрмеген. Сол себепті кітапханаға барып, көзімен көріп, кітапті өздері таңдау да қызық. Болашақта көлік мәселесі шешілген жағдайда ол да мүмкін болар.