Кедендік одақ

Кедендік Одақ елдерінде роумингтік ставкаларды жою жөніндегі жұмыстар басталды

Бәсекелестікті қорғау Агенттігінде хатшы орынбасары Тимур Баймұхановтың жетекшілігімен мемлекеттік органдар мен нарық субъектілері өкілдерінің позициясы аясында төмендеуі мүмкін және жойылатын роумингтік ставкаларды қарастыру жөнінде алғаш көпшілік талқылау өтті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Казахстан25 Қыркүйек , 21:03

Көпшілік талқылауға Еуразия экономикалық комиссиясы, Көлік және  коммуникация министрлігі, «KCELL» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис»ЖШС, «Казақтелеком» АҚ өкілдері қатысты.

Болашақта  аталмыш мәселенің экономикалық, техникалық және заңдық тұрғыдан қарастырылып, нәтижесі  роумингтік ставкаларды нақты қолға алу үшін Қазақстан, Ресей мен Белорусьтің  салалық заң шығару органдарын салыстыруға және жақындастыруға мүмкіндік бермек.

Естеріңізге  сала кетейік, 2013 жылдың 5 шілдесінде Мәскеуде КО елдеріне м.ше мемлекеттердің монополиямен  күрес  агенттігінің басшыларының кездесуінде Ресейдің федералды антимонополиялық қызметі мен агенттігі тарапынан нарықтағы тауар сараптамасы мәселесі жайында КО елдері арасында халықаралық роумингтік төлемді алып тастау мәселесі ұсынылған.

Айта кету керек, Еуроодақ елдерінің аталмыш мәселені шешудің оң нәтижесі  тәжірбиеден көрініп отыр. Қазіргі таңда Еуроодақта роумингтік қызметтерге шектеулі тариф енгізілген. Осы тұрғыда Еуропалық комиссия ЕО елдері аймағында роумингтік төлемдерді кезең-кезеңімен жою мәселелері қарастырылып жатыр.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика