Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Ахметовтар әулетінің еңбек жолы: Жалпы еңбек өтілі 109 жыл

Ахметовтар әулетіның ел игілігіне қызмет етіп жатқанына 109 жыл болды.
Алматы 25 Қыркүйек, 20:37

Әулеттің үлкені 73 жасар Анна Ахметова әлі күнге дейін туыстары мен көрші-қолаңға көмектесуден қол үзген жоқ.

Анна әжейдің атасы Шұмбала дәріханасында алғаш дәріші болып Харьковтан  Верныйға көшіп келген. Ал әпкесі Тастақта фельдшер болып жұмыс істесе, қызы Шұмбалада дәріші қызметін атқарды.

Анна Иманқұлқызының өзі 1940 жылы дүниеге келген. Қазір құрметті  еңбек демалысында. Алматы мемлекеттік Медицина институтын аяқтағаннан кейін зейнетке шыққанша Алматыдағы №6 қалалық ауруханасында, АМНК қалалық ауруханасында, №10 қалалық ауруханасын мен №14 қалалық ауруханасында дәрігерлік  қызмет атқарды. Ардагер маманның жалпы еңбек өтілі 57 жыл.  

Анна Ахметова Алматы  қаласы әкімінің қолынан көп жылғы еңбегі үшін алғыс хат алды.

Еңбекке ден қойған осындай әулеттер жаһандық мәселелер кезінде қалыпты даму үшін елдің  әлеуметтік саясатының тұрақтылығына кепіл. Өз ісінің маманы саналатын осындай азаматтар  туралы Елбасы өзінің «Қазақстанның әлееуметтік модернизациясы: жалпыға Ортақ еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айтады.

«Бүгінде әлемде жаһандық дағдарыстың орын алуына дамыған елдердегі жұмыс істемеу мен еңбектенбеу факторы себеп болып отыр. Бұл кесел өзге өзге емес, дамыған елдердеде шешімін таппай отыр. Оған тек Жалпы Еңбек Қоғамы ем бола алады» - делінген мақалада.

 

 

 





Яндекс.Метрика