Кедендік одақ

В. Христенко: Кедендік Одақтың бірыңғай нарығы экономиканың өсуін күшейтеді

Кеден Одағының бірыңғай нарығы өсуді қарқындылатады. Бұл жайында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында коллегия төрағасы Виктор Христенко мәлімдеді.
Әлемде25 Қыркүйек , 16:21

 «Бүгінгі Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы үкіметтік дәрежеде өтіп жатыр. Бұл ағымдағы жылғы бірінші отырыс емес, алдағы уақытта да кездесулер болады. Пікірлер бойынша интеграция тереңдеген сайын, проблемалы сұрақтар азаяды дейді, меніңше керісінше, олардың саны арта түседі», - деді Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы.

«Бірақ, назардан тыс қалған сұрақтар жоқ. Бүгінгі таңда облыстарда  ұшақтар мен комбайндардың жетіспеуі сынды сұрақтар КО мен ЕЭК аясында қарастырылады», - деді ол.

Виктор Христенко атап өткендей, аталмыш сұрақтар бойынша  тараптар келісіп, ж оғары ынтымақтастыққа жетті.   

«Бұл жалпы экономикалық фонның тарпында үлкен мәнге ие. Дағдарыс аяқталмағаны белгілі, алайда Кеден Одағының бірыңғай нарығы экономиканың дамуына өз септігін тигізеді», - деді Христенко.

Ол атағандай, КО елдері арасында сауда нарығы 7 ай ішінде 3,6 пайызға өсті.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика