Ұлттық интеллигенциясының рөлі

Жас тарихшылар ассосациясы «Шыңғыс хан» фильміне сараптама жасады

Үстіміздегі жылдың маусым айында құрылған «Жас тарихшылар республикалықассосациясы» «Шыңғыс хан» фильмінің 5 бес сериалына сараптама жасады, деп хабарлайды Орталық коммуникация қызметі.
Казахстан25 Қыркүйек , 20:17

«2013 жылдың маусым айында Астанада «Жас тарихшылар республикалық ассосациясы» құрылған болатын. 10 жас тарихшы бастап құрған ұйымның қазір 31 мүшесі бар. Бүгінге дейін «Шыңғысхан» фильмнің 1-5 сериаларына сараптама жасалды. Сонымен қатар, ассосация мүшелері Мәскеу облысы Домодедово қаласында өтетін жас тарихшылар семинарына  шақырту алды», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, жас ассосацияға жас мамандар мен қазақ тарих ғылымының жаңа толқын легін, тарихқа өзінше көзқарасы мен айтары бар ғалымдарды, ұлттық тарихты  жүйелеуге еңбек етер тарихшыларды тарту жайлы ұсыныстар келіп түскен.

Қазіргі уақытта ұйым мүшелері тарапынан түрлі бағыттағы  ғылыми-сараптамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.Сонымен қатар 2014-2016 жылдарға арналған «Халық тарих толқынында» бағдарламасы шеңберінде ассосация 3 ғылыми жоба дайындады.

Айта кету керек, 2 әлеуметтік жоба дайындалып, үш тілде шығатын «Тарих толқынында» кезеңдік журналын шығару жоспарланып отыр.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика