Жаңа кадрлық саясат

Бұрын мемлекеттік органдарда жұмыс істемеген 155 адам «А» корпусына енді

Қазақстанда әкімшілік қызметті модернизациялау жүзеге асуда. Бұрын мемлекеттік органдарда жұмыс істемеген 155 адам «А» корпусына енді. Олар бұрын аталмыш корпусқа қатысты қызметте болмаған, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет Агенттігінің баспасөз қызметі.
Казахстан25 Қыркүйек , 20:09

«Бүгінде «А» корпусы қызметіне тағайындалған 501 азаматтың 155-і бұрын-соңды бұл корпусқа қатысты мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген адамдар. Осылайша олар «әлеуметтік баспалдаққа» қол жеткізді», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, әкімшілік «А» корпусы мемлекеттік қызметінің кадрлық саясатты жүзеге асыру мақсатында Президент жанынан кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылған.

Осылайша,«А» корпусы кадрларын жасақтау мына кезеңдер бойынша іске асады: тестілеу, сұхбаттасу, резервке қабылдау. Сұхбаттасу Ұлттық комиссияның аймақтық комиссиясы тарапынан жүргізіледі.

 




Яндекс.Метрика