Мәдениет, дәстүрлер және даралық

19 дербес Қазақстан тарихы кафедрасы қалпына келтірілді және құрылды – А. Сарінжіпов

Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында 19 дербес Қазақстан тарихы кафедрасы қалпына келтірілді және құрылды, деді Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысында сөз алған Білім және ғылым министрі А. Сарінжіпов.
Казахстан25 Қыркүйек , 19:41

«Ендігі мақсат осы мамандардың тарихты жүйелеп, ұлттық тарихымызды зерделеу. Бүгінде еліміздегі 59 жоғары оқу орынында, соның ішінде 9 ұлттық, 31 мемлекеттік, 1 халықаралық, 9 акционерлік, 9 жеке жоғары оқу орындарында 59 тарих кафедралары жұмыс істейді», - деп нақтыланды отырыста.

Білім және ғылым министрінің  айтуынша, жаңадан құрылған және қалпына келтірілген кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы 128 ұстазды қамтиды. Соның ішінде 9-ы ғылым докторы, 73-і ғылым кандидаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика