Парламент

Депутаттар еңбек көші-қоны туралы заңнамалық түзетуді қолдады

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдап, жаңа заң актілерін мақұлдады. Еңбек көші-қонының заңнамалық түзетуі отырыстың екінші жартысында қарастырылды.
Казахстан25 Қыркүйек , 19:26

 Халық қалаулылары  еңбек көші-қоны жөніндегі заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. 

Заң жобасының басты мақсаты -  еңбекші көшіп-қонушыларды заңдастыру болып табылады.

Сондай-ақ,  жеке тұлғалардың шетелдік жұмыс күшін тартуына рұқсаттар беру тәртібі оңайлатылатын болады. 

Бұдан басқа, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалардан жұмысы үшін алатын табысынан көшіп келушілердің жеке табыс салығын төлеуі бөлігінде салық заңнамасында кездесетін олқылықтарды жою көзделген. 

Заң жобасын қабылдау көші-қон бақылауының тиімділігін арттырып,  бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтады.

 




Яндекс.Метрика