Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Шын «Тарихи Рашиди» қазақ тіліне әлі аударылған жоқ - Атығаев Н.Ә.

Шын «Тарихи Рашиди» қазақ тіліне әлі аударылған жоқ, деп мәлімдеді тарих және этнология институтының директорының орынбасары Атығаев Нұрлан Әділбекұлы.
Казахстан25 Қыркүйек , 19:23

Тарихшының айтуынша,  «Тарихи Рашидидің» отыздан астам қолжазба нұсқалары бар. Біздің бүгінге дейін біліп келген «Тарихи Рашидиіміз» отыз нұсқаның тек бесеуі ғана. Англияда сақталған нұсқасы ең толығы болып саналғандықтан, ол кітапта көптеген жаңа мәліметтер шығуы мүмкін.

«Аңыз әдебиетімізде ғана айтылып,тарихымызда айтылмаған мәліметтер Иран Ислам Республикасының архивінде тарихи құжат ретінде сақталған. Қызылбастардың Қазақ хандығымен қарым-қатынасы бұрын тек әдебиетімізде ғана айтылып келді. Бүгінге дейін Қобыланды батыр жырында аталған Қызылбастар елінің тарихи негізі белгісіз болған. Иран жерінен бес қолжазба таптық. Соның бірінде он алтыншы ғасырда Қазақ хандығының Өзбектермен қосылып Сефевит мемлекетімен күрескені айтылады. Қасым хан туралы да құнды деректер сақталған», - дейді ғалым.

Сонымен қатар, біз білетін «Тарихи Рашидидің» аудармасы Мұхтар Қазыбектің жазған баяндамаларынан да белгілі болған, ол дерек бізге орыс тілі арқылы жеткен. Негізі «Тарихи Рашидидің» отыздан астам қолжазба нұсқалары белгілі. Әр қолжазба өзіндік ерекшеліктергеие. Кейбірінде толық мәліметтер болса, кейбірінде қысқа ғана.

Айта кету керек, Иран Ислам Республикасынан жинақталғанматериалдар қазір ғылыми сараптаудан өткіп жатыр.

 




Яндекс.Метрика