Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Республика бойынша 89 тарихи мәдени жәдігерлер жаңартылды - МАМ М. Құлмұхаммед

Республика аймағында 89 тарихи мәдени жәдігерлер жаңартылып, олардың кәсіби суреттері жасалып, барлығы құжатталды, деді Астанада өткен ұлттық тарихты зерделеу жұмысының үшінші ведомствааралық отырысында сөз алған Мәдениет және Ақпарат министрі Мұхтар Құлмұхаммед.
Казахстан25 Қыркүйек , 16:12

«Республикалық телеарналардан Жиырма бес арнайы хабарлардың циклі жасалды. Бұған қырықтан астам сарапшылар қатысты. «Қазақстан» телерадио корпорациясы Сақтар, Ғұндар, Үйсіндер атты үш үлкен фильмді аяқтады», - деп айтылды отырыста.  

Сондай-ақ, Республикалық газет-журналдар арқылы ғалымдарымыздың қол жеткізген жаңалықтарын көпшілікке жеткізу жұмыстарына кірісіп кеттік.

«Ұлы дала құпиялары» атты сегіз фильм және Абылай ханның үш жүз жылдығына байланысты фильмдер жиынтығы қолға алынды.

Біз арғы тарихымызды ғана емес, бергі тарихымызға да ойысып, «Хабар» арнасынан Бауыржан Момышұлы туралы төрт фильм, «Қазақстан» арнасынан Қасым Қайсенов туралы төрт сериалды фильм және Күләш Байсейітова туралы фильмдерді түсіру жоспарланып отыр.

«Түрік пен Иран архивінен осы елдермен өзара жазысқан қазақ хандарының және Қытай императоры Цянь Гунь мен Абылай ханның алмасқан хаттарына қол жеткіздік. Осылардың басын қосып жыл соңында көрме өткіземіз деп отырмыз», - деді М.Құлмұхаммед.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика