Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Тарихшы ғалымдар «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеу үстінде

Тарихшы ғалымдар «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеу үстінде. Бұл туралы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндеведомствааралық жұмыс тобының III отырысында айтылды.
Казахстан25 Қыркүйек , 16:07

Ондау өкілетті мемлекеттік органдардың «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі, сондай-ақ жұмыс тобының бірінші және екінші отырысында қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметі қаралды.

Отырыста Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин жұмыс тобына алты бағытта жұмыс істеуді тапсырды.

«Білім және ғылым министрлігі жинақталып жатқан тың тарихи деректерді сараптай отырып,ұлттық тарихымызды одан ары дамыту керек, екіншіден шет елдерде жасалып жатқан зерттеулерге аса мән беріп, қолға түскен деректерді орынды қолдануға аса мән берген жөн.

Үшіншіден, шет елдік түркітанушылармен байланысты нығайтқан жөн. Төртіншіден, аймақтардағы мұражайлар мен тарихи орындарды жаңғырту керек.

Бесіншіден,жаңадан ашылған «e-history.kz» веб парталының жұмысын тоқтатпай, архив қорын көбейтіп, авторлардың тартылуына жағдай жасау керек.

 Алтыншы, жасөспірімдермен балаларға, барша ел халқына тарихи патриотизмді сіңіру керек», -  деді ҚР Мемлекеттік Хатшысы Марат Тәжин.

Айта кету керек, республикада ұлттық тарихты зерделеу жұмыстарының басталғанына үш айдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында отандық тарихшы мамандар Түркия, Қытай,Ресей, Германия  мен Иран ислам Республикасы секілді онға жуық шет елдің архивтерінде болып қайтты.

 

 




Яндекс.Метрика