Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Жаңа анықтамалық ақпараттық білім беретін «Қазақстан тарихы» веб-порталы ашылды

Жаңа анықтамалық ақпараттық білім беретін «Қазақстан тарихы» веб-порталы ашылды. Бұл туралы бүгін Астанада Мемлекеттік Хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен ұлттық тарихты зерделеу ведомствааралық жұмысының үшінші отырысында айтылды.
Казахстан25 Қыркүйек , 18:47

«Порталды 2 ай шеңберінде 50-ден астам маман дайындаған. Жоба материалдары 4 бағытқа негізделген. Ауызша тарих ,өлкетану, шежіре, қазақ халқының мәдени мұрасы сынды бөлімдер барлық жастағы оқырмандарға арналған» - деп отырыста айтылды.  

«Жаңадан ашылған «e-history.kz» веб парталының жұмысын тоқтатпай, архив қорын көбейтіп, авторлардың тартылуына жағдай жасау керек», - деп Мемлекеттік Хатшы Марат Тәжин айтты.

Үш тілде жазылған мәліметтердің бүгінгі саны 6 мыңнан асады. Портал қызметкерлерінің айтуынша, ақпарат көздері күнделікті толықтырылып отырады. Ал жыл соңында мобильді нұсқасы және көзі нашар көретін азаматтарға арнайы функциясы жасалады. Тағы бір өзгешелік, мұнда Қазақстан  тарихының барлық электронды кітаптар топтамасы бар.

«Қазақстан тарихы» веб-порталының бас редакторы Білім және ғылым министрлігіне қарасты 2 жұмыс тобы құрылды. Бірінші топ тарих ғалымдары болса, екінші топ сараптау эксперттері.

 

 

 




Яндекс.Метрика