Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Ақтауда кәсіпкерлерге қаржы полицицейлері тексерген кезде қолданатын құқықтық ережелер түсіндірілді

2013 жылғы 20 қыркүйекте Ақтау қаласындағы «Grand Hotel Victory» қонақ үйінің мәжіліс залында Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлерге арнап «Кәсіпорын қызметін қаржы полициясы қызметкерлері тексерген кездегі менің құқығым» тақырыбында оқыту-үйрету семинарын өткізіп, оған шағын және орта бизнес өкілдері қатысты, деп Жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау 25 Қыркүйек, 18:34

Семинардың мақсаты -  кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру, сондай-ақ қаржы полициясы қызметкерлерінің беделін арттыру және оған деген сенімін нағайту.

Семинар барысында Сыбайлас жемқорлық және лауазымға байланысты қылмыстар жөніндегі сотқа дейінгі өндіріс басқармасының бастығы Р.С.Юсупов сөз сөйлеп, ҚР «Кәсіпкерлік туралы» заңына, ҚР Конституциясына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, сондай-ақ ҚР «Қаржы полициясы органдары туралы» заңымен көрсетілген бизнес субъектілерін тексеру кезіндегі қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің құқықтары туралы толықтай түсіндіріп берді.

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Қ.Ш.Жарылғапов кәсіпкерлерге қаржы полициясының қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер болған жағдайда Департаментке қандай үлгіде шағымдануға болатыны жөнінде баяндады. 

                  

 

 

 





Яндекс.Метрика