Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі - «Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

ОҚО-да жастар бизнес-инкубаторының 2 мекемесі ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлерді қолдау орталығының қолдауымен жастар бизнес-инкубаторының 2 мекемесі ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан 25 Қыркүйек, 17:59

«Өңірде тұңғыш рет Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бастамасымен екі «Коворкинг» орталықтардың ашылуы өтті. Іс-шара облыстық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының, Жастар орталығы, Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылған», - деп хабарламада жазылған.

«Коворкинг» немесе «coworking» ағылшын тілінен аударғанда – бірігіп жұмыс жасау деген ұғымды білдіріп, мән мағынасында кәсіпкерлердің бір ғимаратта отырып өз істерін сәтті жүргізуді білдіреді.    

«Коворкинг» ұғымын 2005 жылы  негізін салған америкалық жас программист маман Бред Ньюберг болып табылады. Көп қабатты үйден ауқымды кеңсені жалға алған Бред, өзі сияқты «бос суретшілерді» бірлесіп жұмысқа шақырады. Жұмыс орнын бөлудің жаңа түрін програмист «коворкинг» (бірлесіп жұмыс жасау) деп атап кетті. Бұл ұғым - ортақ кеңседе бірнеше фрилансерлер мен ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер жұмыс жасауды білдіреді.

 «Елбасы Н.Назарбаев халыққа жолдауында «2030 жылға дейін кіші және орта бизнестің ел экономикасына қосар үлесі ең кем дегенде екі есеге дейін артуы қажет деп нақтылаған болатын – дейді облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев. Бүгінгі күні облысымызда 14 пен 29 жас арасындағы 770 мың жастар бар. Бұл – болашақ кәсіпкерлер, бизнесмендер мен «жаңа жобалардың» іске асыуына түркі болатын көшбасшылар. Сол жас мамандар мен кәсіпкерлерді қолдау мақсатында біз коворкинг орталықтарын ашып жатырмыз.

«Коворкинг орталығы» - жастардың  арасында кәсіпкерлік мәдениетін кеңінен насихаттауға серпін беріп, аға буын кәсіпкерлер мен жас кәсіпкерлер арасындағы сабақтастық пен ақпарат алмасуды қарастырады – дейді ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Нұржан Алтаев. Аталған орталықты құру барысында біз бірқатар тежеулерге тап болдық. Біз, коворкинг орталықтары бар және оң жұмыс нәтижелерін көрсетіп жатқан елдердің тәжірибесін ескере отырып өзіміздің өңірде дәл сондай бизнес-инкубаторларды құруды шештік.

«Сондай ақ, белсінді жұмыс жасайтын, табысты ірі кәсіпкерлер, инвесторлар алдында өз жобасын ұсыну мақсатында, айына бір рет бизнес жобалар жәрмеңкесін өткізіп тұру жоспарлануда» – деді Н.Алтаев.

Орталықтың ашылу салтанатынан кейін жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек адамының абыройын көтеру, жастарды еңбекке баулуға бағытталған «Жалпыға ортақ еңбек-бәрін жеңбек!» жастар форумы өткізілді.   

Форумның мақсаты жас мамандардың еңбегін бағалап, жастарды еңбекке тарту, жастар тәрбиесіне басты назар аудару, қалың жұртшылықты жастардың жасап жатқан еңбегімен хабардар ету, жас мамандардың жетістіктерін жариялап, марапаттап отыру.   

 

 

 





Яндекс.Метрика