Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қостанайда дәстүрлі «Абай оқулары» өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қостанай облыстық Тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп 2013 жылғы 27 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің ХV республикалық фестивалі аясында Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауы өтеді, деп Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 17:38

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге этнос өкілдерінің ықыласын арттыру.

Байқауға еліміздің барлық облыстары, Астана және Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салады.

Республикалық байқау барысында әр облыс, қалаларда өткен байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) байқау ережесіне сәйкес Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу, «Абай жолы» романынан     (1-кітабының «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» тарауларының бірінен) үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа оқу, Абайдың 1 әнін орындау бойынша сайысқа түседі.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және басқа да сыйлықтармен марапатталады.

 

 




Яндекс.Метрика