Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев ОҚО-да мақталы егістік алқаптарын әртараптандыру жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды, деп хабарлады Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан25 Қыркүйек , 16:19

Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер Мақтаарал ауданында болып, онда «Нұралыжол-Ж» шаруа қожалығындағы мақта, бақшалық дақылдар және жоңышқа өндірісімен танысты. Бақытжан Сағынтаев Ділдәбек ауылдық округінде Шардара су қоймасынан машиналық су жіберу сорғы станциясын қарап шықты. 

Одан кейін бірінші вице-премьер мақта және бақшалық дақылдарды, сондай-ақ жүзімдіктер, алма бақтарын, анар және басқа да жеміс-жидек өнімдерін өсірумен айналысатын

"Қаршыға" шаруа қожалығында болды. Мұнда Бақытжан Сағынтаев Мақтаарал ауданының мақталы егістік алқаптарын әртараптандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Өңірде мақтаның дара дақылдығының басымдығы, вегетациялық кезеңде су ресурстарының тапшылығы, суарылатын жерлердің мелиоративтік жай-күйінің нашарлауына байланысты проблемалар бар екендігі белгілі. 

Аталған проблемаларды шешу үшін 2014-2016 жылдарға арналған егістік алқаптарын әртараптандыру бойынша іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспары әзірленуде. Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі мүдделі министрліктермен бірлесе отырып аталған құжатты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізетін болады.

Күннің екінші жартысында бірінші вице-премьер Шардара СЭС жұмысымен танысады және Шардара су қоймасының Арнасай бөгетіне барады. Онда Арнасай бөгетіндегі гидротехникалық құрылыстар кешенін қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыру мәселелерін талқылайды.




Яндекс.Метрика