ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Оралда діни экстремизмнің алдын алу мәселесі талқыланды

Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының бастамасымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм: мәні және қарсы тұрудың түйткілді мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан25 Қыркүйек , 14:15

Конференцияға зерттеушілер, республикалық жоғары оқу орындарының ғалымдары, қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мамандары, дін және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 600-ге жуық адам қатысты.

Онымен қоса, 12 ауданның мектеп мұғалімдері және жоғары сынып оқушылары онлайн тәртібінде теолог-мамандарына сұрақтарын қойып конференцияға белсенді қатысты.

Сондай-ақ, 23-24 қыркүйек күндері аталмыш конференция аясында Атырау облысының Дін істері басқармасының басшысы Е.Шохаевтың,  Атырау облыстық «Ақпараттық талдау орталығы» МКМ директоры, теолог Е.Әміренің,  ҚМДБ-ның бөлім басшысы, исламтанушы С.Сейітбековтың,  Ақтөбе облысы дін істері басқармасының бас маманы Т. Талдыбаевтың дәріс сабақтары оздырылды.

Дәріс сабақтарына ақпараттық–насихаттау топтарының мүшелері, ЖОББМ директорлары, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, ЖОО дінтану пәнінің оқытушылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары, барлығы 300-ге жуық адам қамтылды.

Акция барысында «Дініңді сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта, ел болашағы – жастар!» ұранымен жастарға жалған ағымдар туралы келесідей материалдар таратылды: «Сектаға қарсы тұру амалдары!», «Освобождение и исцеление от культов и насильственных отношений», «Психологические причины вовлечения в деструктивные религиозные культы», «Ата жолы», «Жалған ағымдар».

 




Яндекс.Метрика