Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Өскемен және Шұлбы СЭС-ның Гидротехникалық құрылғылары кешенді тексеруден өтті

Кеше Өскемен және Шұлбы СЭС-ның Гидротехникалық құрылғылары кешенді тексеруден өтті.
Шығыс Қазақстан25 Қыркүйек , 11:59

Естеріңізге сала кетейік, мұндай тексерісті кемінде бес жылда бір рет өткізіп тұру керек.

AES компаниялар тобының жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры Светлана Нищенко мәлімдегендей,комиссия тәжірбиелі мамандардан құралған.

Оның қатарында «Казақ энерго экспертиз» АҚ, «Ленгидропроект» ААҚ, «Б.Е.Веденов атындағы Жалпы ресейлік гидротехника ғылыми-зерттеу институты» АҚ, мобилизациялық дайындық басқармасы, азаматтық қорғаныс, ШҚО апаттық және стихиялық жағдайлардағы ескерту және құтқару ұйымы, «Ертіс бассейн экспедициясы» мемлекеттік басқармасы, «ШҚ Ертіс экология департаменті» сарапшыларымен «ШҚО энергетика ардагерлері» ҚҚ өкілдері бар. Алдыңғы қатарлы сарапшылар Шұлбы СЭС-да тексеріс жұмыстарын өткізді.

Тексерістен кейін сарапшылар Өскемен және Шұлбы СЭС-ның Гидротехникалық құрылғыларын әлі де жұмыс істеуге қабілетті деген қорытындыға келді.

«Казақэнергоэкспертиз» АҚ сарапшысы Юрия Дурницынаның айтуынша, тексеріске қондырғыларды дәл бағалай алатын гидротехника ғылыми-зерттеу институтының мамандары қатысуы өте маңызды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика