Инфрақұрылымды дамыту

Қазақстанда автомобиль жолдарын дамытуға 206 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген – ККМ

2013 жылы елімізде автомобиль жолдарын дамытуға 206 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігі.
Казахстан25 Қыркүйек , 11:38

«Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге биыл бюджеттен 206,6 млрд.теңге бөлінді. Жолдардың 3 425 км-і құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылған»,- деп жазылған хабарламада.

Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық транзиттік дәлізінің 1 433 км-іне құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үстіміздегі жылдың соңына дейін халықаралық жолдың 806 км-і пайдалануға берілмек. Бүгінде жоспарланған 207,7 км-дің 104,8 км төменгі қабаты,757,1 км-дің 476,7 км жоғарғы қабаты, циментті бетон бөлігінің 282,6 км-дің 189,3км аяқталған.

Бұдан өзге 812 шақырымға өтпелі және жаңа құрылыс пен қайта жөндеу жұмыстары жүзеге асып жатыр. Қазіргі уақытта жоспарланған төменгі қабаттың 213,8 км-дің 189,3 км-і, жоғарғы қабаттың 166,1 км-ден 126,9 км-і аяқталды. Сонымен қатар, 1112 км-дің 68 км-іне жөндеу жұмыстары жасалған.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика