Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

ШҚО-ның Қарашілік ауылында жаңа мектеп ашылды

ШҚО-ның Қарашілік ауылында жаңа жабдықталған мектеп қолданысқа берілді, деп ШҚО-ның ақпарат орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан23 Қыркүйек , 11:13

 «2011 жылы, яғни 2 жыл бұрын Қарашілік ауылында 80 орындық жаңа  мектептің құрылысы басталған. Жобаның жалпы құны – 250 млн теңге. Ағымдағы жылы мектеп оқушыларға есігін айқара ашты», - деп хабарламада жазылған.

Оған қоса, мектеп биология және химия кабинеттерінің қондырғыларымен толық жабыдықталған. Интерактивті тақталар мен спорт залы да заманға сай.

Шалғай жерлерден келетін оқушыларға интернет жүйесі қосылады деп жоспарлануда. Қазір олар мектепке  арнайы көлікпен қатынайды.  

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мерекелік шарада Күршім ауданында тағы 4 білім мекемесі салынып жатқанын атап өтті. Олар қолданысқа келер жылы беріледі. Мектептің ашылуы ауыл өміріне  өте үлкен серпін  әкеледі, - деді ол.  

 




Яндекс.Метрика