Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

«РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» Республикалық байқауына 130 өтініш түсті

2013 жылы «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» Республикалық байқауына қатысуға 130 өтініш түсті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 26%-ға жоғары, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігің баспасөз қызметі.
Казахстан25 Қыркүйек , 10:54

Айта  кетейік, «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» рационализаторлардың ғана емес, рационализаторлық ұсыныстармен айналысатын кәсіпкерлерді де анықтау мен ынталандыруға бағытталған. Байқаудың телевизиялық форматы «Жылдың ең үздік рационализаторлық шешімі» мен «Кәсіпкерліктегі ең үздік рационализаторлық қолдау жүйесі» атты екі номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлделі орын иелеріне арналған бағдарламалар циклынан тұрады.

Байқауға еліміздің әр облысынан келген үміткерлер қатысты. Ең көп 31 өтініш берген Астана қаласы болды. ОҚО-нан 23 өтініш келіп түссе, Қарағанды облысынан 16, Павлодар облысынан 11, Алматы облысынан 10 үміткер тіркелген. 

Өтініштердің көп бөлігі «Жылдың ең үздік рационализаторлық шешімі» номинациясы бойынша машина құрылысына 34 пайыз, металлургия 17 пайыз, энергетика 14 пайыз, нефтехимиялық сала 13 пайыз, ауылшаруашылығы 11 пайыз түссе, кенөңдау 5 айызды, денсаулық сақтау мен өнеркәсіп 2 пайыздан, құрылыс, телекоммуникация мен ядролық өнеркәсіп 1 пайыздан.

«Кәсіпкерліктегі ең үздік рационализаторлық қолдау жүйесі» номинациясы бойынша ең көп мұнай техникалық химия саласынан өтініш келіп түсті (22 пайыз), кен өңдау мен ауылшаруашылығы (17пайыз), энергетика мен машинақұрылысы (11 пайыздан).

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика