Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Қазақстандық мергендер халықаралық сайыстың үздіктері қатарында

Қазақстандық әскери қызметшілер Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде мергендер жұптарының халықаралық жарысына қатысуда. Үздік мергендер атағы үшін бақ сынасуға әлемнің 40 елінен мергендер жиналды, деп ҚР Қоғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде25 Қыркүйек , 10:25

Жарыс шеңберінде қатысушылар 10 шақырымдық маршруттан, сондай-ақ миналанған учаскелерден өтулері және фотосуреті бойынша нысананы дәл танып, атып тигізулері қажет. Мергендер жұптарына қойылатын басты талап - жұптасып жұмыс істей білу.

Жарыс жауынгерлік жағдайға барынша ұқсайтын жорықтық-далалық жағдайда өтуде.

Халықаралық жарыста Қазақстаннан барған қатысушылар үздік нәтижелер көрсетуде.

Бақылаушылар біздің мергендердің даярлық деңгейін оларға жарыстың алдыңғы қатарында болуларына мүмкіндік береді деген баға беруде.

Бұл жарыс екі жыл сайын өткізіліп тұрады. Мергендер әріптестерімен кездесіп, тәжірибе алмасады.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Қарулы Күштерінің мергендер тобы

Беларусь Республикасындағы Брест қаласында өткен халықаралық жарыста жеке және жалпы есептерде бірінші орынды жеңіп алған болатын.

 

 




Яндекс.Метрика