Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Маңғыстау облысында тұрғындардың 20%-ы спортпен белсенді шұғылданады

Маңғыстау облысында тұрғындардың 20%-ы спортпен белсенді шұғылданады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау25 Қыркүйек , 10:18

 «Дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындар саны 107 216. Бұл облыс халқының 18,9%-ын құрайды», - делінген хабарламада.

Бүгінде облыс көлемінде 480 спорттық нысан жұмыс істеп тұр. Оның 227-сі ауылдық жерлерде.

ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің рейтингісіне сүйенсек, 2012 жылғы көрсеткіш бойынша, спортпен  айналысудан облыс 6 орында.

Спорттық клубтардан басқа облыстың жергілікті жерлерінде жалпы саны 5000 шәкірт тәрбиеленетін 36 жасөспірімдер мен балалар клубы бар.

Сонымен қатар жұмыскерлер арасында дене шынықтыруды арттыру мақсатында облыста 180 дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді. Онда 58278 жұмысшы мен олардың отбасы мүшелері спорттың бірнеше түрімен айналысады.

Айта кету керек, Маңғыстау облысында спорт түрлерінен 32 федерация, 7 спорттық клуб және 3 кәсіби клуб тіркелген.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика