ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда мамандандырылған мемлекеттік институт жанынан салалалық сараптама жүйесі құрылды

«Инновациялық онжылдық» форумында «Болашақ» қауымдастығы мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қолдауымен Технологиялық даму ұлттық агенттігі мамандандырылған мемлекеттік институт жанынан салалалық сараптама жүйесі құру туралы жобасын ұсынды, деп хабарлайды «Болашақ» Қауымдастықтың баспасөз қызметі.
Казахстан24 Қыркүйек , 21:37

«Алғашқы кезең ақпараттық-коммуникациялық технология, мұнай-газ секторы, энергетика мен биотехнология салаларында мамандар жүйесін құру», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, бұл жоба жас мамандардың жыл сайынғы экономика салаларын сараптаумен шолуға қатысуына, нормативті-құқықтық актті, концепцияларды дайындауға атсалысуға мүмкіндік береді, ірі ұлттық жобалардың жетілуі мен іске асуына мұрындық болмақ. Сараптамалық  қауымдастықтың өзара тығыз байланысы мамандардың біліктілігін арттыруға, институттың экономикадағы негізгі салалармен байланыс орнатуына жол ашады. Сонымен қатар сараптамалық пікір мен кері байланыстың орнауында негізгі орталық міндетін де атқармақ.

«Салалық сараптама жүйесі» жобасының мақсаты мамандандырылған институт айналасына сарапшы мамандарды, соның ішінде «Болашақ» түлектерін топтастыру. Қазірдің өзінен бастап «Фейсбук» желісінің онлай режимінде төрт сараптамалық топ жұмыс істеуде.Бұл жерде мамандар өзара танысып, кәсіби байланыс құрып, ақпарат алмасып және ақыл-кеңестерімен бөлісе алады.

 




Яндекс.Метрика