Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

Қостанай облысында 20 кәсіпкер «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жаңа жобаларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грантты жеңіп алды

Қостанай облысында 20 кәсіпкер «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жаңа жобаларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грант жеңіп алды, депхабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қостанай24 Қыркүйек , 20:08

«2012 жылдан бастап бағдарлама аясында жаңа бизнес жобаларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік гранттар бөлініп келеді. Бүгінде 20 кәсіпкер 44,3 млн теңге шамасында мемлекеттік грантқа ие болды», - делінген хабарламада.

Жеке кәсіптерін ашуға ниетті облыс орталығынан шалғайдағы кәсіпкерлер кепілге қоятын мүлкінің өтімсіздігінен несие алу кезінде қиындық көреді.

Гранттар  ақысыз және қайтарымсыз берілгендіктен биыл шалғай аудандардағы бірқатар кәсіпкерлер мемлекет қолдауына қол жеткізіп отыр.

Мысалға,кәсіпкер Жортуылова ( «Казбек» ЖК) «Амангелді ауданында жеміс-жидек бақшасын ашу» бизнес жобасын іске асыру үшін 2,5 млн. теңге көлемінде несие алды. Кәсіпкер Амангелді ауданы Үрпек ауданында бау-бақша егуді жоспарлап отыр. Аталмыш жоба Торғай өңіріндегі жеміс-жидек өнімін арттырып, нарыққа жергілікті арзан өнімдерді шығаруға мүмкіндік беріп қана қоймай, жаңадан жұмыс орындарының ашылуына да жағдай жасамақ.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша кәпікерлерге көрсетілетін қаржылық қолдаудан басқа «Кәсіпкерлік потенциалды көтеру» бағдарламасы да жұмыс істейді.

 

 

 




Яндекс.Метрика