Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Шығыс Қазақстан облысында ұкіметтік емес ұйымдардың форумы болып өтті

Шығыс Қазақстан облысында ұкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ форумы болып өтті, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан 24 Қыркүйек, 19:27

«Шығыс Қазақстан облысында 800  үкіметтік емес ұйымдар ресми тіркеліп, оның  төрттен бірі белсенді  әрекет етуде.  Аймақтағы коммерциялық емес ұйымдардың ең белсенді және көрнеуі өкілдері «ҮЕҰ және мемлекет - тең деңгейде тілдесу» атты Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының форумында бас қосты» - деп хабарламада жазылған.

Форумның құрметті қонақтары - Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева мен  Қазақстанның  Азаматтық Альянсының   вице-президенті А.Платонов болды. 

Мұндай форум өңірде жыл сайын өткізіледі. Аталмыш сұхбат алаңында ҮЕҰ өкілдері елдегі азаматтық қоғам рөлін нығайту, заңнаманы жетілдіру, азаматтық секторды дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу  сынды маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдайды.

Биылғы басқосудың бір ерекшелігі - форумға бірінші рет жақында сайланған ауылдық округтер әкімдері қатысып, ой бөлісті.

Атап айтсақ, жаңа заңнама аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту  мәселелер жан-жақты талқыланды.

Облыста «Үшінші секторда» 10 мыңнан астам адам, яғни  аймақтың әрбір сегізінші тұрғыны жұмыс істеуде.   Әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыруға 2003 жылы  2 млн теңге бөлінген болса, биылғы жылы бұл сома 279 млн теңгеге жеткен. 

Облыста «ШҚО Қоғамдықкеңесі» сынды  азаматтық қоғам институттарының билікпен әрекеттесуінің тамаша үлгісі бар. ҮЕҰ жергілікті билікпен қатар халықаралық ұйымдармен де серіктестікте қызмет етуде.

 

 

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика