ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Талдықорғанда Қазақстанның тілдер Күніне орай фестиваль болып өтті

Облыстық орталықта 22 қыркүйек Тілдер күніне арналған қалалық фестиваль болып өтті, деп қалалық әкімдік хабарлады.
Алматы24 Қыркүйек , 19:05

 «Тілдер фестивалі көпұлтты мемлекет үшін дәстүрге айналған. Шара аясында өнер қырандарының концерті мен тілді білу дәрежесін меңгеретін конкурстар болды. Оған қоса, ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер де ұйымдастырылды», - деп әкімдікте хабарлады.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінде кітаптар көрмесі болды, қазақ тілін үйренушілерге жетекші кеңесшілер де жоқ емес. Слайдтар мен стендер облыстық орталықтың қызметі мен бағытын қатысушыларға айқындап берді.

Қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев облыстық орталықта тіл саясатын дамыту үшін қарқынды жұмыс жасалып жатқандығын айтты. Олар бұл үрдіске 4 бағытты іріктеп шығарды: рейдтік тексеріс, қазақ тіліндегі жол ережелері мен жастар саясаты мәселеснің құжаттарын қазақшаландыру.

Шара соңында мемлекеттік қызметкерлердің тобы мен ұстаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика