Сыртқы саясат

Сыртқы істер министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Түркияға келді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Анкараға келді, - деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде24 Қыркүйек , 18:51

Түркия елінің Қарулы Күштері Бас штабының бастығы армия генералы Неджет Өзелмен кездесу кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі  Түркия Қарулы Күштерінің Солтүстік Атлантика одағы елдері ішіндегі тиімді әрі жауынгерлік қабілеті жоғары әскер екенін атап өтті. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түркия тәжірибесін үйрену мен қолдану мақсатында ынтымақтасуға мүдделі.

«Қазақстан Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастыққа айрықша маңыз береді. Соның арқасында бүгінде біздің армия жемісті өзара іс-қимыл жасап отыр. Түркия Қарулы Күштері мен Бас штабы Қазақстан Қарулы Күштерінің алғашқы қалыптасуы мен дамуы кезеңінде алғашқылардің бірі болып жан-жақты қолдау көрсеткен. Бүгінде Қазақстан әскері әскери қауіпсіздіктің заманауи қатерлеріне қарсы тұрарлық әлеуетке ие. ҚР Қорғаныс министрлігінің негізгі басымдықтарының ішінде әскери білім беру жүйесін жетілдіру, армияны кәсібилендіру және техникалық жаңғырту мәселелері бар, осыған байланысты сіздердің тәжірибелеріңізді үйренуге және қолдануға мүдделіміз», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.

Сапар шеңберінде бүгін ҚР Қорғаныс министрі Түркия қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының ішіндегі жетекші компаниялардың бірі әскери-электронды өнеркәсіптің көшбасшы «Асельсан», сондай-ақ ұшу құралдарының жаңа жүйесін жаңғыртудың, модификациялаудың және интеграциялаудың негізгі орындаушысы «ТАЙ» компанияларында болады.

 




Яндекс.Метрика