Кедендік одақ

2013 жылы Кедендік Одақтың тауар айналымы 62 млрд теңгені құрады

2013 жылы Кедендік Одақтың тауар айналымы 62 млрд теңгені құрады, деп БҚО баспасөз қызметі хабарлайды.
Батыс Қазақстан24 Қыркүйек , 18:36

«Кедендік Одақтың тауар айналымы өткен уақытпен салыстырғанда 133 пайызға өсіп, 62 млрд теңгені құрады», - деп хабарламада жазылған.

Жұмыс сапарымен облысқа Парламент Сенатының депутаттары: Р. Ахметов, Е. Астаев, Е. Мұқаев, С. Нүгербеков, С. Плотников, Л. Тұрлашева, Б. Шелпеков келіп, кедендік одақ аясындағы өнеркәсіптерді тамашалады.

Жұмыс тобы келуінің басты мақсаты өнеркәсіп жетекшілерімен кездесіп Кедендік Одақ аясындағы бизнесті дамыту сұрақтарын қарастыру.

 «БҚО Ресей Федерациясының 5 облысымен шекараға түсіп жатыр, сондықтан да бізге өнеркәсіп өкілдерінің пікірлері қажет. Өз кәсібінде қандай проблемалар бар, өзекті мәселелер мен жаңа бағыттар сынды ұсыныстар қажет. Қазіргі таңда тауар айналым өсуде, бірақ бізге экспорттың өскені керек. Меніңше, жергілікті атқарушы билік осы сұрақ бойынша жұмыс істеуі қажет», - деп Парламент Сенатының депутаты Ләззат Тұрлашева мәлімдеді.

 




Яндекс.Метрика