Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Қазақстандық гематологтар Еуропа ұйымдарының мүшесі атанды

Қазақстанда жедел жәрдем қызметі республикалық ғылыми орталығы сүйек майын трансплантациялау Еуропалық Одағының мүшесі атанды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан24 Қыркүйек , 18:10

«Жедел жәрдем қызметі республикалық ғылыми орталығы сүйек майын трансплантациялау Еуропалық Одағының мүшесі атанды. Бұл ұйымға мүше бола отырып, отандық гематологтар мол мүмкіндіктерге қол жеткізді», - делінген хабарламада.

Осылайша лейкозға шалдыққан көптеген науқастардың шет елдерге шықпай-ақ сүйек майын трансплантациялауға мүмкіндіктер ашылды. Енді отандық мамандар Еуропаның алдыңғы қатарлы оқу орындарынан дәріс алып, осы саладағы білікті ұстаздармен тәжірбие алмаса алады. Ең бастысы, мұндай әріптестік сүйек майы донорларының ортақ реесторына жол ашады. Жедел жәрдем қызметі республикалық ғылыми орталығы мамандары жылына 50 трансплантация жасауды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, сүйек майын трансплантациялау  бойынша Еуропа  Одағы осы саладағы ең беделді ұжымдардың бірі. 4000 мүшесі бар осы ұйымның әлемнің 58 елінде 600 медициналық орталықтары бар.

 

 




Яндекс.Метрика