ҚР ИИДМБ

Қазақстандық киім шығарушылар әлемдік нарыққа шықты

Отандық киім шығарушылар бүгін Мәскеуде басталған ең ірі «Текстильлегпром» салалық көрмесінде Қазақстан атынан қатысып жатыр – деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Казахстан24 Қыркүйек , 16:43

«Kaznex Invest экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі ұйымдастырған «Made in Kazakhstan» ұлттық стендінде өз өнімдерін белгілі алматылық киізден жасалған қолөнер бұйымдарының өндірушісі «Aigul-line» ЖШС компаниясы, «AidaKaumeNOVA» сән үйі өзінің әйелдерге арналған дайын киімдерін, «ENDEAVOUR» ЖШС — «Iron bear» брендімен спорттық киімдерді және «Caramel» брендімен балалар киімдерін таныстырды», - деп жазылған хабарламада.

Сымбат сән академиясы әйелдер киімін және мектепке арналған киімді, «Glasman» ЖШС — мектеп киімі мен ерлерге арналған костюмдерді таныстырды.

Ұлттық стендке қатыстырылу үшін компаниялар өндірістердің экспорттық потенциалы негізінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп қауымдастығымен бірлесе отырып іріктеліп алынды. Көрме кәсіпорындарға өз ісін шетелде кеңейтуге және сатып алушылар мен серіктестерді табуға көмектеседі деп күтілуде.

Статистикаға мәліметтері бойынша , қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің бүгінгі күні басты экспорттық позициялары мақта талшықтары мен жүн болып отыр.

Kaznex Invest өз алдына қойып отырған мақсаттардың бірі — отанымызда шығарылған дайын киімдерді экспорттаудың көлемін арттыру. 2014 жылы ұлттық агенттік қазақстандық сәнгерлердің ірі халықаралық алаңдарда қатысуын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.



 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика