Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан әлемнің тұрақты елдері ТОП-20 қатарына енді

Ағымдағы жылы Қазақстан 20 тұрақты елдің қатарына кірді. KPMG өзгерістерге тұрақты мемлекеттер тізімін жариялады. Бұл индексті KPMG International мен с OxfordEconomics құрастырған, деп ҚР ЭДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан24 Қыркүйек , 15:19

KPMG бұл сараптау жұмысын екінші рет ұйымдастырып отыр. Өткен жылы Қазақстан 30 мемлекеттің ішінен жоғары деңгейде  болса, ағымдағы жылы 90 мемлекет тізімге кірген.

Тұрақтылықтың жаңа индексі Oxford Economics-пен ынтымақтасып құрастырылды. Мемлекеттердің тұрақтылығы табиғи құбылыстар мен технологиялардың ауқымды өзгеріске ұшырауында өзгермейтіндігі орайында сарапталынды.

Елдердің 26 шұғыл жағдайлар мен өзгерістерге дайын болуы, оның ішінде мемлекеттік институттар мен бизнес-ортаның дамуы, әлеуметтік потенциал мен адамзаттық капиталдың өзгеруіне бейімделуі ескерілді. Аталмыш талаптар әр түрлі елдің 500 сарапшысының пікірлері мен Әлемдік экономикалық форум, Әлемдік Банк, Economist Intelligence Unit, ЮНЕСКО-ның әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының 70-тен аса ұсыныс-пікірлерін қарастыру арқылы жасалды.

Қазақстан бюджеті, фискалды, сауда саясаты, экономикалық инфрақұрылым саласы бойынша  жақсы көрсеткіштерге ие.

Сонымен қатар, Қазақстан ТМД елдерінің ішінен тізімге енген бірегей мемлекет, мәселен, Ресейге тізімнің 62-ші орыны бұйырды.

«Халықтың байлығы мен табысы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа әсер етпейді, - деп  KPMG International басшысы Тимоти Стайлс мәлімдеді. – Бұл табысы төмен бірақ, мықты институттары мен басқармалары бар мемлекеттерге хабарлама,олар құлдырау кезінде тұрақтылықа ие бола алады»

 

 

 




Яндекс.Метрика