Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Маңғыстау облысында 500-ге жуық спорттық орындар жұмыс істеуде

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 500-ге жуық спорттық орындар жұмыс істеуде, деп хабарлайды облыстың ақпарат бөлімі.
Маңғыстау24 Қыркүйек , 14:58

«Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 480-ге жуық спорттық орын бар, оның 227-сі ауылдық жерлерде», - делінген хабарламада.

Облыста дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық саны 107 216. Бұл облыстағы барша тұрғындардың18,9% құрайды.

Берілген ақпарат бойынша, Маңғыстау облысында жасөспірімдер мен балалардың 15 мектебі бар.  

Онда 8989 шәкірт тәрбиеленуде. Оған қоса спорт шеберлігініңжоғары мектебі мен Олимпияда спортшыларын дайындайтын орталық бар.

Спорттық клубтардан басқа облыста тұрғылықты жерлерде 36 жасөспірімдер мен балалардың спорттық клубтары жұмыс істейді. Ондағы тәрбиеленушілер саны 5000.

Сонымен қатар, өңірдегі спорттың материалды базасын жақсарту мақсатында Ақтау теннис орталығының құрылысы жүріп жатса, Спорт сарайы мен басқа данысандар құрылысының жоспарлау-сметалық құжаттары аяқталды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика