Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Павлодар облысында модернизацияланған кәсіпкерлік жылына 3000 тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр

Павлодар облысында модернизацияланған кәсіпкерлік жылына 3000 тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Казагрофинанстың» баспасөз қызметі.
Павлодар24 Қыркүйек , 12:54

«Жақын арада сүт фермасындағы ірі қаралар санын 340-қа дейін көбейтіп, сүт өндірісін жылына 3000 тоннаға дейін өсіру жоспарланып отыр» делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарламасында айтылғандай, 2012 жылы «Жаңа Қала» сүтті-тауар фермасын модернизациялау жобасы қолға алынған. Ол кезде фермаға сүтті сиырмен тал тұқымды 180 бас ірі қара әкелінген.

Сонымен қатар, жоба бойынша фермаға «елочка» атты жоғары сапалы сауу машинасы мен неміс өндірушілерінен еуропалық жаңа стандарттарға сай түрлі қондырғылар сатып алынды. Жобаның жалпы құны 331,8 млн теңге.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика