ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Баянауыл ауылында Мұса Мырза мешітінің қайта жөндеу үрдісі аяқталды

Баянауыл ауылында Мұса Мырза мешіті қайта жөндеуден кейін қолданысқа берілді, деп облыстың ақпарат бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар24 Қыркүйек , 12:50

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы  Малғажыұлы хазірет Павлодар облысына жасаған сапары барысында «ой қозғайтын ақылдың жері, сөз қозғайтын ақынның жері, берік оба тас тұлға, сыралғы болған батырдың жері» (Торайғыр би Едігеұлы) болған киелі Баянауыл жерінде жаңа күрделі жөндеуден өткізіліп, үлкейтілген «Мұса мырза» мешітінің ашылуына қатысты», - деп хабарламада жазылған.

«Мұса мырза» мешіті «қалауын тапса қар жанар» дегендей, аймақ басшыларының, дініміздің жанашыр кәсіпкерлерінің қоолдауымен қүрделі жөндеу жасалып, жаңартылып, Баянауыл халқының игілігіне қайта берілді.

Жаңа мешіт ғимаратының алғашқы тұсаукесер лентасын қиған Бас мүфти мешітте жамағатпен бірге бесін намазын оқыды.

Салтанатты рәсім барысында Бас мүфти Павлодар облысының барлық имамдарының көшпелі кеңесін өткізіп, оларға бүгінгі таңда жастарды жат ағымдардан сақтандыру, имандылық жолына тәрбиелеу үшін имамдар қандай бағыттарда жұмыс жүргізу, уағыз-насихатты қалай айта білу керектігі жөнінде ақыл-кеңестер берді.

Шара соңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет киелі Баянауыл өңірінің тумасы, ағартушы, философ, дін қайраткері, ақын, халық мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (шын аты Адамжүсіп Көпжасарұлы) Жаңажол ауылы, Ескелді шатқалындағы кесенесінде болып, зиярат жасады.

 




Яндекс.Метрика