Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Қостанайда «Қонай» және «Юбилейді» шағын аудандары ашылады

Қостанайда «Қонай» және «Юбилейді» деп аталатын жаңа шағын аудандар ашылады, деп Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Евгений Аман хабарлады.
Қостанай24 Қыркүйек , 12:46

 «Бірнеше сұрақтарға аса назар аударған жөн. Қаланың құрылысы бойынша қала әкімдіктеріне құрылыс құжаттарын дайындауды жеделдету мен ауыл, аудандарда тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру қажет. Қостанай, Лисаковск қалаларының  жаңартылған жоспарлары бар, ал Рудный, Арқалық, Жітіқара, Затобол қалаларында ағымдағы жылы жоспардың қайта құрылуы жүзеге асуда», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Қостанай қаласы бойынша таяу перспективада жаңа құрылыс аймақтарын дайындау керек.

 «Оңтүстік тұрғын үй ауданы «Қонай» мен «Юбилейді»  батыс шағын ауданының құрылысын жүзеге асыру қажет. Қостанай аудандық әкімдігіне Заречное ауылындағы құрылыс жоспарын құрастыруды қолға алу керек. Құрылыс нысандарын жылдам түрде жобалауды жүзеге асыру үшін біріңғай автоматты республикалық  жүйені құруға ұсыныс жасалды», - деп нақтылады Е. Аман.

Республикалық қала құрылысының кадастры тәжірибеге енді. Облыстық және базалық деңгейдің кірігуі инженерлік құрылымдар мен көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның жұмысын жеңілдетеді. Бұл заманауи түрде  тұрғын үй массиві мен инвестжобаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді.

 

 




Яндекс.Метрика